2016 жылғы 20 маусым , Астана қаласы
«Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығының кейбір нормаларының қолданысын тоқтату туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін:
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10409 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған) Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қызметіне қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің (бұдан әрі - Бiлiктiлiк талаптары) реттік нөмірі 6-жолының;
Біліктілік талаптарына қосымшаның 1-тармағы 6) тармақшасының қолданысы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика
министрі _________________ К. Бишімбаев
2016 жылғы 28 маусым